test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Жылыжай өнімдеріне сұраныс мол

Кентауға қарасты Қарашық ауылы тұрғындарының табыстары артып, тұрмыстары түзеліп келеді. Бұл ретте мемлекеттен ауылшаруашылығы саласына берілетін жеңілдетілген несиенің көмегі зорБиыл мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасының арқасында ірі қараның басын көбейткендер жылыжайда да ептілік танытып отыр. «Қарашық – шағын ауыл. Елдімекен тұрғындарының дені ауылшаруашылығымен айналысады. Жыл сайын егістік көлемі еселеніп, мал басы көбейген ауылда жылыжайлардың да қатары артқан.  ҚАЙРАТ АХМЕТОВ – ҚАРАШЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: — 9гектар жерге жылыжай егілген болатын, биыл олардың қатыр тағы 2гектарға артты. Мына Ермет ата шаруа қожалығының өзінде қияр мен помидор егіп, 4 жұмысшымен жақсы жұмыс атқарып келеді.

«Ермет ата» шаруа қожалығы 6 жылдан бері жылыжай ісімен айналысып келеді. Алғашында тек қияр өсілрген олар биылдан бастап қызанақты да қосқан. Өнім көлемі жақсы. Сұраныс та жоғары.

ШАХСАТ АМИНОВ – «ЕРМАТ АТА» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: -Өткізіп жатырмыз, Түркістанға, Кентау, Шымкент, Қарағанды мен Жезқазғанға да саттық былтыр. Субсидияны мезгіл-мезгілімен беріп жатыр. Іске ерте кірісеміз сол үшін өнім иол болады. Ендігісіауа-райына байланысты. Күн жылы болса, көбееді, күн суытса тоқтап тұрады.

Жылыжай ісімен айналысатын шаруалар үшін бір ғана мәселе – қатты отынның жеткіліксіздігі. Бағасының қымбаттығы да кедергісін келтіруде.  Ал жергілікті билік бұл мәселе таяу арада  шешілетінін айтып отыр.

П.Биназарқызы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР