test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Ынтымағы мен бірлігі жарасқан

Рухани келісім күні Түлкібас ауданында да аталып өтті. Мерекелік іс-шара барысында аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков дін өкілдерінің басшыларын қабылдап, құрмет көрсетті. Алғыс хат, бағалы сыйлықтармен марапаттады. Елімізде «Рухани келісім» күні биыл 25-ші рет тойланып отыр. Бұл күні қақтығыстар мен жанжалдарға шектеу қойылып, жақын адамдарға қайырымдылық пен көмек қолы созылады.

Нұрбол Тұрашбеков Түлкібас ауданының әкімі:-Біз бүгінгі күнге дейін ешбір ұлтты бөлмей, бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүрудеміз.  Біз алдағы күндерде де балабақша мен мектепте ұлттар арасындағы ынтымақ пен бауырмалдықты үйретіп,  жастарымызды тәрбиелеуміз қажет. Ұлтаралық татулық ұрпақтар сабақтастығы ретінде жалғасын табуы қажет.

Қазіргі таңда Түлкібаста 26-дан астам ұлт өкілдері, 47 мешіт пен 1 православтық және 2 інжіл-христанды бағыттағы діни бірлестіктер бар. Барлығы да әділет органдарында тіркеуден өткен. Айтулы күні аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков осы саладағы түйткілді мәселелерді қаузады. Қоғамдық тұрақтылықты сақтап, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында жүйелі жұмыс атқарған дін өкілдерін құрметтеді.

Руслан Ерменбаев — «Түлкібас Ата» мешітінің бас имамы:-Біз бүгінгі күнге дейін ешбір ұлтты бөлмей, бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүрудеміз.  Біз алдағы күндерде де балабақша мен мектепте ұлттар арасындағы ынтымақ пен бауырмалдықты үйретіп,  жастарымызды тәрбиелеуміз қажет.

Понтериман Игумин – Т.Рысқұлов атындағы ғибадатхананың аға попы: — Елбасының сарабдал саясының арқасында дін тұрақтылық берік. Ұлтаралық татулық ұрпақтар сабақтастығы ретінде жалғасын табуы қажет. Өйткені біз Елбасы айтқандай бір ел, бір тағдыр, бір болашақта өмір сүретін боламыз.

АРАЙЛЫМ Байзахова

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР