03-09-2021
33.3 C
Шымкент

Ауыл жастарымен кездесу өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Түркістан қаласы Ескі Ихан ауылында жастар мен түрлі сала мамандарының кездесуі өтті.
Жиынға облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ербол Байқонақов, аудандық ішкі істер бөлімінің, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, ішкі саясат бөлімінің өкілдері мен имамдар қатысты.
Кездесуде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған мақсат-міндеттерді іске асыруда жастардың жауапкершілігі, этносаралық татулықты сақтап, нығайту, қазіргі жаһандық өзгерістер жағдайындағы қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мәселелері кеңінен сөз болды.
Еркін форматта өткен жиын барысында жастар дін, жастар саясаты, жұмыспен қамту, білім саласына қатысты өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, сала мамандарынан тұшымды жауаптар алды.
Жиынды қорытындылаған облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ербол Байқонақов Тәуелсіздік жылдарындағы табыстарымыздың барлығы еліміздегі тыныштықтың, саяси тұрақтылықтың, этносаралық келісімнің арқасында келгенін айтты. Бірлікті сақтап, нығайту әр азаматтың міндеті екенін алға тартты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР