test
07-07-2024
23.3 C
Шымкент

Әскери-патриоттық жастар жиыны өтті

ОҚО Төлеби ауданындағы Леңгір қаласындағы «Жастық» стадионында Ұлы қолбасшы, Ұлы Отан соғысының ардагері Бауыржан Момышұлын еске алу және жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, оларды әскерге дайындау, отансүйгіштікке баулу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Төлеби аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «АЙБЫН» әскери-патриоттық жастар жиыны өтті. Жиынға аудан аумағындағы орта мектептердің оқушылары мен колледж студенттері қатысты. Салтанатты рәсімді Төлеби ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірлген бөлімнің басшысы – Батырхан Қазахов ашты. Жылдамдық пен ептілік, төзім мен күш сынға түскен бұл байқау барысында жастар 100 метрге жүгіру, жылдамдықпен АК-74 бұзып-құрастыру, дүкенді шашу және оны қайта жинау, мылтық ату, газтұмылдырық кию, газтұмылдырықты киіп 330 метрге жүгіру, сапта жүру және сапта жүріп патриоттық ән айту секілді сайыстарда жарысқа түсті. Жарыс қорытындысы жалпы командалық есеп бойынша
І-орын Көксәйек ЖОМ,
ІІ-орын №1 гимназия ЖОМ,
ІІІ-орын Алатау ЖОМ-нің оқушылары жеңіп алды. Жарысқа қатысқан командалар бағалы сыйлықтармен дипломдармен марапатталды. Іс-шара соңында аудан жастары естелікке суретке түсті.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР