04-09-2021
24.3 C
Шымкент

Әлеуметтік дүкен ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Түлкібас ауданының орталығы Т.Рысқұлов ауылында әлеуметтік дүкен ашылды. Дүкен аз қамтамасыз етілген отбасылардың тұтынушыларына арналған және ондағы тауарлар базар бағасынан 20-30 пайызға арзан. Дүкеннің ашылуында аудан әкімінің орынбасары Марат Жанесен, Майлыкент ауылдық округінің әкімі Келесбек Жартыбаев сөз сөйлеп, дүкеннің жұмысына сәттілік тіледі. К.Жартыбаев: «Біз көкөніс еккен шаруалардың өзімен тікелей келісімшартка отырдық, мұнан соң, өзімізде макарон шығаратын «Алтын дән» фирмасымен де келісімге келдік. Тікелей жеткіземіз, арзан болып отырғаны сондықтан» деді. Мұнда картоптың келісі 85 теңгеден, қант 190 теңгеден сатылып жатыр және тағы басқа төмен бағада азық-түлік өнімдері бар. Арзан бағада сататын дүкеннің ашылғанына аудан халқы дән риза. Қазір қымбатшылық қысып тұрған заманда мұндай дүкендердің ашылуы өте маңызды, Қымбатшылық құрық салдырмай тұрған кезеңде әлеуметтің қалтасына ауырлық салмайтын осындай дүкендер көптеп ашылса деген игі тілегі бар елдің.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР