17-04-2024
20.3 C
Шымкент

Ардагерлерге алғыс білдірді

ОҚО Бәйдібек ауданы Ақбастау ауыл округінің мәжіліс залында ауыл әкімі Н.Сүгірбаевтың басшылығымен 18-қазан Рухани келісім күніне орай жиын болды.Оган Аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Т.Арынбеков .Б.Төлешов және ауылдағы қоғамдық ұйымдардың мүшелері ауыл билері,ардагерлер ұйымының мүшелері қатысты.Ауыл әкімі Н.Сүгірбаев 18-қазан рухани келісім күніне байланысты қыскаша баяндама жасап сөз соңында Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Арынбеков 70-жасқа толуына байланысты туған күн иесіне шапан шауып сый сияпат жасады. Аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Б.Төлешов Елбасымыздың халыққа жолдаған жолдауының жүзеге асып жатқанын еліміздің барлық аймақтарындағы елді мекен халықтарына жағдай жасалып жатканын жолдар жөнделіп,газ ауыз су жүйелерінің іске қосылып жатқанын айта келе еліміздің ауыз бірлігін сақтауға жастарға жат діни ағымдардан сактану жат діни ағымдардың ел арасына іріткі салуына жол бермеу керектігін айта келе латын әрпіне көшу керек екенімізді елбасының бастамасын қолдайтынын айтып өтті.Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Арынбеков. ауыл тұрғындарын Рухани келісім мерекесімен құттықтап аудан көлемінде атқарылып жатқан көптеген игі істерге тоқталып өтті.Соның бірі ауданың бас имамы С,Байниязов қайтыс болған кісінің үйінде алғашқы күні ас берудің дұрыс емес екенін халыққа уағыздап түсіндірудің арқасында кәзір аудан орталығында алғашқы күні қазалы үйде мал сойылып тамақ берілмейтінін айта келе осы мәселені аудан көленімде тоқтату керек екенін осы мәселесіні жүзеге асыру үшін ауыл билері ауыл қариялары ауыл имамдарымен бірігіп жұмыс істеуге шакырды. Ауылдың ардагерлер кеңесінің төрағасы Д.Мақұлов денсаулығына байланысты өз өтініші бойынша босануына байланысты. Ақбастау ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы болып Ш.Әдіхалықов бір ауыздан сайланды.Ауыл әкімі ардагерлер кеңесінің осы уақытқа дейін жақсы істер атқарып келгенін айтып Д.Мақұловқа шапан жауып алғысын білдірді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР