07-04-2022
18.3 C
Шымкент

Қазығұртта тұрмысы төмен отбасыларды қолдау ісі қарқынды

«Өрлеу» пилоттық жобасы талайды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Күнкөріс деңгейі төмен отбасылардың да тұрмысын түзеуде. Осындай әлеуметтік көмек алғандар қатары Қазығұртта қалың. Бағдарламаның шарапатын сезінгендердің бірі — Шарапхана елдімекенінің тұрғыны Рано Умарова. Рано Умарованың отбасында тұрақты жұмыспен қамтылған ешкім жоқ. Бұған дейін бүтін шаңырақ бес баланың жәрдемақысымен күн көріп келді. Отанасының жұмыс іздеп, қақпаған есігі жоқ. Бүкіл әуре-сарсаңды «Өрлеу» бағдарламасын естіп, 242 мың теңге алғалы ұмытты. Қолдағы қаражатына екі ірі қара мен бір тай сатып алды. Табысын жинап, баласын оқытуға мүмкіндік туды.

Рано Усманова – Шарапхана елдімекенінің тұрғыны: Биылдан бастап, «Өрлеу» бағдарламсына қатысып, жағдайымды түзеп жатқан жайым бар. 00:32 01:06 «Өрлеу» бағдарламасына қатысқандардың пайдасы өте бір көп екен. Біріншіден, «Өрлеу» бағдарламасын аласың. Екіншіден, өзің айлықкер болады екенсің. Үшіншіден, өзіңнің зейнетақы қорыңа да ақшаң құйылып жатады екен.

Қазығұртта тұрмысы төмен отбасыларды қолдау ісі қарқынды. Ағымдағы жылдың 9 айында бағдарламаға 6940 тұрғын қатысты. Бұл дегеніңіз, көмекке мұқтаждардың — 92 пайызы. Жылдық жоспар бұл көрсеткішті 7528 адамға жеткізу болып отыр.

Аймен Өсербаев – Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:-Біздің Қазығұрт ауданы бойынша 2017 жылы 1192 отбасы «Өрлеу» бағдарламасына өтініш берді. Сол отбасылардан жұмысқа жарамды 1290 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіліп, оларға 427 млн. теңге шартты ақша көмек көрсеттік. Оны 213-43 млн. республикалық бюджеттен. 184 млн.ы аудандық бюджеттен.  Ауданда пилоттық жобаны негіздеудің нәтижесінде балалар жәрдемақысын алушылар саны 18 пайызға кеміген.

ДАНА Мырзақадір

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР