test
02-07-2024
23.3 C
Шымкент

Дін бірлігі – тәуелсіздік тірегі

 

«Рухани келісім күніне» орай ОҚО Созақ ауданы Таукент кентінің Мәдениет үйінде «Дін бірлігі – Тәуелсіздік тірегі» тақырыбында аудандық форум өтті.
Форумға аудан әкімінің орынбасары А. Сатыбалды, аудандық маслихат депутаттары, ауылдық округтер мен кенттердің әкімдері, мешіт имамдары, Ардагерлер кеңестерінің төрағалары мен Қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен «Дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдері, қариялар мен белсенді жастар, Үкіметтік емес ұйымдар мен Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Форумда Созақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Е. Сағындық Ernar Sagindik баяндама жасады. Баяндамасында бүгінгі таңдағы діни ахуал және алдағы уақытта шешілуі тиіс мәселелер жөнінде ой қозғап, жастарды кереғар діни ағымдар ықпалынан сақтандыруға жұмыла атсалысуға, діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұтас қоғам болып күресуге, зайырлы қоғам принциптерін ұстануға шақырды. Бұл мақсаттарға жетуге дін бірлігінің маңыздылығын түсіндірді.
Жарыссөзде сөз алған Созақ ауданының Бас имамы Төрехан Қажы Сейілханұлы Алжан, Созақ аудандық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Аманбек Мұсабек, Шолаққорған ауылдық округі Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бүркіт Арынбеков, Таукент кенті Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бердібек Есбергенов баяндамашының ұсыныстарын қуаттап, өз ойларын да ортаға салды.
Форум қорытындысымен арнайы қарар қабылданып, алдағы уақытта атқарылуы тиіс міндеттер нақтыланды.
Жиын соңында аудан көлемінде діни тұрақтылықтың, еліміздің ынтымағы мен бірлігінің сақталуы жолында атқарған елеулі еңбектері үшін Созақ ауданының Бас имамы Төрехан Қажы Сейілханұлы Алжан, «Шаға» мешітінің имамы Марат Палмаханұлы және «Шолаққорған» орталық мешітіне меценаттық көмектер көрсетіп жүрген кәсіпкер Базарбай Нурланов Созақ ауданы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР