21-09-2021
26.3 C
Шымкент

Айтылған ұсыныстар жауапсыз қалмайды

ОҚО Созақ  №5 Жартытөбе сайлау округінен сайланған аудандық мәслихаттың дептаты Омарбеков Ілияс Дәулетбайұлы Жартытөбе ауылдық округіне қарасты Аққолтық, Бабата елді мекендерінің тұрғындарымен кездесіп қайтты.
Жиында халық қалаулысы ағымдағы жылы атқарылған жұмыстар жөнінде мәлімет берді.
2016 жылдың қазан айында аудан әкімдігінің білім бөлімінің «Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 11 штат бірлігі берілді. Ауданның барлық елді мекендеріне қажетті жерлерге жол белгілерін қою үшін, 2016 жылдан барлық болған сессияға жол белгілеріне қаржы бөлу жөнінде сұраныс жасалды.
Аудандағы барлық елді- мекендердегі әлеуметтік нысандарға баратын көшелерге аяқ жол салу үшін, бірінші кезекте сметалық құжаттары дайындалу керек, сондықтан барлық әкімшіліктен ақау актілерін жасап, бюджеттен сметалық құжаттарын жасауға сұраныс хат жолодаулары керектігі жөнінде хат жолданған. 2016 жылы бір көшесіне, 2017 жылы бір көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, яғни көшеге тас төсеу жұмыстары болатын, ал 2018 жылға бір көшеге тас төсеу үшін ұсыныс жасалды, қалған көшелердің сметалық құжаттары дайын. 2016 жылы бір көшесіне, 2017 жылы бір көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, яғни көшеге тас төсеу жұмыстары болатын, ал 2018 жылға бір көшеге тас төсеу үшін ұсыныс жасалды, қалған көшелердің сметалық құжатфтары дайын.
Жиналған көпшілік қауымның айтар пікірі де, қояр сұрақтары да болды. Бабата елді мекенінің тұрғыны Сәрсенов Қуат, Бабата, Жартытөбе, Аққолтық ауылдары бойынша мектептерде интернет жүйесінің қуаты күшейтілсе, Бабата еді мекенінде бір көше асфальттанса, Бабата елді мекеніндегі ауылдық клубқа қарауылдыққа бір штат берілсе және осы елді мекендегі медпункттің жылу жүйесін ауыстырса-дейді. Аққолтық елді мекенінің тұрғыны Тоқтасын Жұмағұлов ауылдық клуб салынса десе, Қалдарбекова Айгүл Аққолтық елді мекеніне «Актив» ұялы байланысын орнатып беруді сұрады. Осы елді мекеннің тұрғыны Ерманова Жанар Құрманбек Әліби көшесіне және аты жоқ, көлденең көшелерге тас төселсе деген пікірін айтты. Учаскелік полиция инспекторы Тукушев Марат жол бекеттеріне жол тәртібін сақтау үшін камера қойылса деген ұсынысын білдірді. Ал Жартытөбе ауылдық округінің тұрғыны, зейнеткер Аккулиев Төлеген мәслихат депутаты Ілияс Дәулетбайұлына алғысын білдіріп, алдағы уақытта шаршамай, талмай еңбек етіңдер деген тілегін айтты.
Өз сайлаушыларының сұрақтарына жеке-жеке тоқталып, толыққанды жауап берген мәслихат депутатына, халық дән риза.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР