14-09-2021
20.3 C
Шымкент

Отанды қорғау – қастерлі іс

Қарулы күштер қатарында қызмет ету әрбір қазақстандықтың құрметті міндеті, аға буынның батырлық және жауынгерлік дәстүрлеріне негізделген патриотизмнің жоғары адамгершілік мектебі ретінде қалыптасып отыр.
Біз қашан да Қарулы күштер қатарында қызмет еткендер мен сапта жүргендерге құрмет көрсетеміз.
Осы мақсатта Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Арыс  қалалық мәдениет үйінде қалалық ішкі саясат бөлімі, жастар ресурстық орталығы және Арыс қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің ұйымдастыруымен «Қарулы күштер – Қазақстан Республикасының сенімді тірегі» атты Қазақстан Қарулы Күштерінің сапында әскери борышын өтеуді абырой санайтын болашақ жауынгерлерді әскер қатарына шығарып салу салтанатты шарасы өтті.
Жиында қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев, қалалық «Ардагерлер кеңесі» ҚБ төрағасы Б.Исламбеков, қаланың бас имамы А.Абдулкарим, қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім бастығы Е.Билалов, жас сарбаздарға жауынгерлік Антқа адал болып, абыроймен жанұяларына оралуына тілектестіктерін білдірді.
Сондай-ақ, қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы Е.Билалов шекарадан заңсыз өтпек болғандарды құрықтағандары үшін бірқатар мерзімді әскери қызметшілерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің ІІ-дәрежелі медалімен марапаттады.
Салтанатты жиын соңы Ж.Байгуттиева атындағы өнер мектебі өнерпаздарының патриоттық ән кешіне жалғасты.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР