05-09-2021
36.3 C
Шымкент

Қолжетімді орта құру — өзекті мәселе

Кедергісіз келешек. Жергілікті билік өкілдері мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімді орта құруға күш салуда. Еңбекші адандық әкімшілік қызметкерлері қаладағы бірқатар коммерциялық нысандарды аралап, ондағы пандустардың стандартқа сәйкестігін тексеріп жатыр. Бүгінде ауданға қарасты мектептер, ауруханалар, кітапханалар, әлеуметтік қорғау мекемелері және ірі сауда үйлерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүріп-тұруына, өздеріне тиесілі қызметті пайдалануына толыққанды жағдай жасалған. Әлеуеті әлжуаз топты мейлінше қолдау тек әлеуметтiк сала қызметкерлерiнiң ғана мiндетi емес, баршамыздың парызымыз деп қарауымыз керек»,-дейді билік өкілдері. Кәсіпкерлер мен билік арасындағы келісімнің арқасында қазір Еңбекшідегі бірқатар нысандарға пандустар орнатылды. Нәтижесінде аудандағы коммерциялық нысандардың 70 пайызында мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай қалыптасты. Қалған 30 пайызымен нақты жұмыс жыл соңына дейін жүргізіліп бітпек.

БОРИС ПЛЕВАТИНКО – ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ: — Түсіндіру жұмыстарын жүргізу кезінде кәсіпкерлерге пандустарды дұрыс орнату итуралы ақпараттар беріп жатырмыз. Өйткені, «Кедергісіз болашақ» жобасы аясында атқарылуға тиісті тапсырмаларды өте маңызды деп білеміз. Тағдыры арбаға таңылған мың сан азамат бар. Олардың жағдайын ешкімнің басына бермесін әрине, Бірақ, олар да өзге жұрт секілді емін-еркін жүріп тұруы керек. Бұл біздің қоғам алдындағы азаматтық борышымыз. Сондықтан, барлық жеке меншік нысан иелерін акцияға толыққанды қатысып, мұқтаж жандарға жағдай жасауын сұраған болар едік.

Гүлсанат Қалмырзақызы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР