02-09-2021
29.3 C
Шымкент

Бал жәрмеңкесі өтті

ОҚО орталығы Шымкентте Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы омарташыларының бал жәрмеңкесі өтті.  «Пчельник» деп аталатын шаруа қожалығының омарташылары мұндай жәрмеңкені еліміздің әр өңірінде өткізуді дәстүрге айналдырған. Бұл жолы оңтүстік тұрғындарына балдың 10-нан астам түрін ұсынуда. Ал, дәмі тіл үйірген тәтті балды сатып алуға шымкенттіктер ағылып келуде.  Тұтынушыларға ұсынылған балдың қай түрі де денсаулыққа өте пайдалы. Мәселен, мына балтозаң араласқан бал асқорыту жүйесі мен жүрек ауруларына, сондай-ақ, қаназдыққа мың да бір ем. Сол секілді қызғылтым бал, ағаш қуы мен жөке ағашының сығындысы араласқан балдардың да емдік қасиеті жоғары. Ал, сатып алушылар болса, өте қуанышты.

ЗИЯГҮЛ МӘМБЕТӘЛИЕВА — ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: — Кеше «Қазақстан-Шымкент» телеарнасынан хабарландыруын естіп, келіп отырмыз. Сондай жақсы екен. Таңдау көп. Ең жақсысын таңдап алдық. Немеремізбен келіп, Бағасы да әртүрлі.

Әсел сатып алуға келгендерде есеп жоқ. Дәмін татып көріп, қалағанын сатып алуда. Айта кетерлігі, омарташылар тәтті балдан бөлек, бал арасының түрлі пішіндегі тозаңдарын да ала келіпті. Күн суытқан тұста  иммунитетті көтереді, — дейді сатушылар.

ЗЛАТА СКУРАТОВА  — «ШЫҒЫС БАЛЫ» АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВІНІҢ ӨКІЛІ: — Кешелі бері біз Шымкент тұрғындарына балдың 10-нан астам түрін сатып жатырмыз. Бағасы 1200-ден басталып, балдың құрамына қарай қымбаттай береді. Шымкенттіктерге біздің бал ұнайды. Сондықтан, біз жыл сайын келеміз мұнда. Сұраныс та жоғары. Үш күнге ғана келдік. Өйткені, бал араларын ұзақ уақытқа қараусыз қалдырып кете алмаймыз.  Оларды қысқа дайындау қажетпіз.

Жәрмеңке жексенбіге дейін жалғасады. Ал, балға қызыққан ағайын таңертең сағат 9-дан кешкі 19-00-ге  дейін келсе, болады. Дәмі тіл үйірер тәтті әсел көрмесі Шымкенттегі әл-Фараби алаңында  өтіп жатыр.

Г. Қалмырзақызы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР