07-09-2021
34.3 C
Шымкент

«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі»

Бұрындары мектепте «Қыздар жиналысы» өтетін. Оған жоғары сынып қыздары қатысып, апайлары түрлі тақырыпта әңгіме қозғайтын. Қозғалатын тақырып сан алуан болатын. Бірақ түптеп келгенде барлығы да қыз тәрбиесіне келіп тірелетін. Апайлар ұрсып айтса да, ұғындырып айтса да айналып келгенде қыздардың ибалы, инабатты болуына, ардан аттамай, түзу жолмен жүруіне үндейтін. Бүгінде осы тін үзіліп қалғандай көрінетін. Дегенмен қыз тәрбиесі қашанда назардан тыс қалмақ емес…

Жуырда Кентау қаласына қарасты Қарнақ мектебінде кәмелет жасқа толмаған жасөспірім қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі » тақырыбында гинеколог маманмен кездесу ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға қалалық білім беру бөлімінің тәрбие саласы әдіскері Г.Исмагилова, Қарнақ ауылының гинеколог маманы И.Азизова , ауылдың көп балалы аналары, Қамқоршылық кеңесінің төрайымдары тәрбие орынбасарлары және қыздар клубының жетекшілері қатысты. Іс-шара барысында «Қарнақ» мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Абсадикова «Әрбір қыз бала — болашақ келін, отбасының ұйытқысы» тақырыбында баяндама оқыды. Қыздарға «Анасының түбіне жеткен қыз» тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, жан-жақты талқыланды. Семинара келген гинеколог маманға қыздарда тақырыптық сұрақтар қойып,жауаптарын алды. Келген қонақтар, көп балалы аналар жасөспірім қыздарға өз кеңестерін берді. Ауыл емханасының психологы Д.Хамидова қыздармен жарқын болашақ тақырыбында тренинг ұйымдастырды. Семинарды білім беру бөлімінің тәрбие саласының әдіскері Г.Исмагилова қорытындылап, алдағы уақытта білім беру бөліміне қарасты мектептерде аталған бағыттағы іс-шаралар бөлім басшысының бекіткен кестесіне сәйкес өз жалғасын табатындығын айтып өтті. Әрине мұндай басқосулардың жас қыздарға берері көп.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР