20-09-2021
24.3 C
Шымкент

Жұмыссыздықты жою үшін…

Оңтүстік Қазақстан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ауқымды жұмыстар атқаруда. Еліміз бойынша облысымызда халық саны ең көп шоғырланған. Экономикалық белсенді халық саны да көп. Негізінде халықаралық еңбекті есептеу нормаларына сай олар тоқсан сайын жариялап отырады. Осы деңгейді төмендету мақсатында нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына сәйкес азаматтар әлеуметтік қолдаушылармен қамтылуда. Облыста арнайы даму бағдарламасы бекітіліген. Халықтың әлсіз топтарына, жұмыссыз азаматтарға осы бағдарлама аясында кең ауқымды көмектер көрсетіліп бекіткен жоспарға сәйкес жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін жұмыстар атқарылуда. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу үшін облыс көлемінде кестелік жоспар түзіледі. Әр аудан бойынша. Бүгінгі таңға дейін жалпы есеппен 22 бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Әр аудан, қала бекіткен жоспар бойынша өткізеді. Жылдың соңы болғаннан кейін жоспар орындалып қойды. Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығы қараша айында өткізуді жоспарлап отыр. Алдын ала хабарланатын болады.Орта есеппен алғанда 30 пайызы жұмыспен қамтылады. Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы үш бағытта жүзеге асырылады. Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, үшінші бағыты жалпы халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру арқылы еңбек нарығын дамыту болып табылады. Биылғы жылы 1500 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, 813 адамды шағын несиемен қамтамасыз ету жоспарланған. Жалпы 2 313 адамды кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына қатыстыру жоспарланған. 1000 адам кәсіпкерлік негіздерін оқып, сертификат алды.Бұл мәселе бойынша облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына келсе болады, мекен жайымыз желтоқсан көшесі 20 а үйде орналасқан. Кәсіпкерлік оқу бойынша тиісті бөлімнен көмек алса болады. Тұрғылықты мекенжайына байланысты жұмыспен қамту орталығына баруы керек. Негізінде қысқа мерзімді оқытуға 13 100 адамды оқыту жоспарланған болатын. Бүгінгі күні 11 900 адам жолданып, 3 991 адам оқуды аяқтап, 1000 дам жұмысқа орналасты, яғни 25 пайызы. Қысқа мерзімді оқуға баруға ниет білдіргендер тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту орталығына баруы керек.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР