05-09-2021
29.3 C
Шымкент

Жастарды патриоттыққа тәрбиелеу маңызды

«Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуде және жастардың бойында әскери қызметке оң қарым-қатынасты қалыптастыруда күш құрылымдарының ардагерлер ұйымдарының рөлі» тақырыбындағы дөңгелек үстел «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының 2017 жылға арналған жүйелік кестесіне сәйкес, 2017 жылдың 24 қазан күні «Нұр Отан» партиясы Арыс қалалық филиалының мәжіліс залында «Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуде және жастардың бойында әскери қызметке оң қарым-қатынасты қалыптастырудағы күш құрылымдарының ардагерлер ұйымдарының рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөйлеген филиал төрағасының бірінші орынбасары Қалиев Иманқұл Ноғайбайұлы, Қорғаныс істері бойынша Арыс біріктірілген бөлімінің бастығы, подполковник Біләлов Ерлан Төлендіұлы — Әскери– патриоттық тәрбие – мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және ұйымдардың жастарда жоғары патриоттық түйсікті өз Отанына шын берілу, өзінің азаматтық парызын орындауға дайын болуды құруға бағытталған көп жоспарлы, жүйелі, мақсатты іс – әрекет.
Әскери – патриоттық тәрбиенің мақсаты – жастарда азаматтылық патриоттылықты дамыту. Оларда өмірдің әр саласында керекті белсенді көрінулерді құру.
Әскери-патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаттары жастарды өз отанының адал патриоты болуға тәрбиелеу. Бүгінгі жастар отанымыздың келешегі, сондықтан олармен санасу, пікірін тыңдау қоғамға белсене араласуына көмектесуіміз қажет болып саналады. Патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаты мен міндеттері қоғамыздағы өзгерістердің барлығына жастардың араласуына бірдей ықпал жасау, оған негізінде мектеп жасынан отанға деген сүйінспеншіліктерін артыруы қажет ол дегеніңіз патриоттық тәрбие негізін түсіндіру болып табылыды. Жастардың патриот деген сөздің мағнасын нақты түсіндіру үшін оларға жиі ардагерлермен кездесу өткізу әртүрлі патриоттық тұрғыда жарыстар өткізу қоғаммен тікелей байланыстыру біздің мақсатымыз болғандықтан бүгінгі іс-шара ұйымдастырылып отырғанын айтып, қаламызда бұл бағытта жұмыстардың тиісті деңгейде ұйымдастырылып өткізіліп жатқанын айтты.
Соның арқасында жыл сайын өтетін «Айбын» республиалық әскери-патриоттық жарыста Арыстық жастар 1-ші жүлделі орынды иемденіп жүргенін айтты. Сонымен қататар, партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Қалиев -кіріспе сөзінде жастармыздың азамат болып қалыптасуына, Елбасының сәуір айындағы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының қоғамдағы орны орасан екенін тілге тиек етіп, бағдарламаның негізгі бағыттарымен қатысушыларды таныстырды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР