03-09-2021
21.3 C
Шымкент

300 орындық балабақша пайдалануға берілді

ОҚО Қазығұрт ауданына қарасты Қызылқия ауыл әкімдігінде 300 орындық балабақша пайдалануға берілді. «Дін Асыл №1» деп аталатын балғындар мекемесі енді ауылдың 50-ге жуық тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтымақ. Бөбекжайдың ашылу салтанатына Қазығұрт ауданы әкімі қатысып, бүлдіршіндерге ақ жарма тілегін жолдады. Бүлдіршін тәрбиесін бесіктен түзеу – қазақта аузы дуалы атадан, ақ жаулықты анадан келген үрдіс. Қайырымды іс жасап, балалардың педагогикалық тәрбие іргесі бекем ортада өсуіне ауданның атымтай жомарты Айгүл Оразбаева мұрындық болып отыр.  Балабақша – балдырғандардың  қуанышы ғана емес. Оларды бағып-қағып отырған ата-ананың да рахаты. Ауыл тұрғындары ұл-қызының көппен өсіп, әліпті әріп деп танып, мектепке баратынына разы.  Қазығұрт ауданында қазіргі таңда 13 мемлекеттік, 34 жекеменшік балабақша бар. Олардың барлығы да – Елбасының «Балапан» бағдарламасының жемісі. Ауданда мектепке дейінгі балалардың көптігіне байланысты жыл соңына дейін тағы бірнеше бөбекжай ашу жоспары бар.

А.Бауыржанқызы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР