test
04-07-2024
20.3 C
Шымкент

Шығыс ғалымдары бас қосты

Жақында көне түркі қаласы ОҚО Түркістан шаһарында, Ясауи атындағы қазақ, түрік универститінде, атақты әдебиеттанушы ғалым, сыншы, белгілі түркітанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Академиясының академигі, түркі тілі құрылымының халықаралық Айтматов, Ресейдің халықаралық психология академияларының академигі Рахманқұл Бердібайдың 90 жылдығына байланысты Республикалық денгейде ғылыми конференция өтті. «Қызығым да, рахатым да, қасіретім де — қазақ, қазақтың тарихы, бай мұрасы. Таяқ жейін, мейлі үлесімнен құр қалайын, қазақ үшін істеген
әрекетімнің бәрі – қуаныш» деп бар ғұмырын ғылымға арнаған Рахманқұл Бердібай ғалымның шығармашылығына арналған конференцияға жер-жерден атақты ғалымдар, әдебиет танушылар, филология ғылымын зерттеушілер, қатысып ғалымның еңбектеріне байланысты әр сала бойынша он ғылым докторы баяндама жасады.
Академик Манаш Қозыбаевтің сөзімен айтар болсақ «Рахаң – қазақ мәдениетінің көгіне ерте шығып, ерте марқайған адам, ойы ұшқыр, қаламы жүйрік, энциклопедиялық білімді жан десе, түрік ғалымы Неждет Албай: «Рахан « Қазақ әдебиеті» ғылымына ғана емес, түркі дүниесінің руханиятына өлшеусіз үлес қосқан ғұлама, иілуді білмеген асқақ рухтың иесі, ұлтжанды қазақтың біртуар азаматы» деп бағалаған.
Ия Рахманқұл Бердібай ғылымның қайнар бұлағына сусындаған, қай тақырыпты зерттесе де зерделі оймен тұжырымдай білген ғалым ретінде танылған.
Рахманқұл Бердібай «Қазақ әдебиеті» газетіне үлкен мұрындық болды.
Өткен ғасырдың елуінші жылдары осы басылымда істеп жүріп бұрын мақалалары жарияланбай қалған Ә. Нарымбетовтің «Ана тілін ардақтайық», Т. Кәкішев бастаған партия тарихы институтының бір топ қызметкерлерінің «Тіл мәдениеті», Т. Қожакеевтің «Ұлттық сезімді ұмытпайық», Қ. Тұрғанбаевтың «Қайта қарауды қажет ететін мәселелер», тағы басқа мәселелерді жарыққа шығарды.
Қазақ тілінде арабтан енген «ғұлама» деген сөз бар. Мәні- ғылымдардың ғылымы, көп білетін терең білімпаз дегенді білдіреді. Раханның ғылыми –шығармашылық жолы сан қырлы. Ғылымның қазақ әдебиеті мен мәдениеті, одан қалды түркология саласындағы іргелі еңбектері еліміздің көрнекті ғылым қайраткері қатарына қосты.
Раханның сыншылық, ғылымдық шығармашылығының басты ерекшелігі оның диапозоны кең, жан-жақты білімдар ғалым екендігің анғару киын емес. Міне, осындай сала-сала бойынша конференцияға қатысқан ғалымдар мен жергілікті қаламгерлер тереңнен ой қозғады. Олар, Уәлихан Әбдібеков, Мұхитдин Шимшек,Мусай, Билад Чахижин, Шәкір Ыбыраев, Николай Егоров, Зарина Жалбиева, Ахмет Шишек, Анар Жаппарқұлова, Мыңжасар Асқаров, Сердар Дағыстан, Баян Бораш және тағы да басқалары болды.
Мен де осы конференцияға шақырумен қатысып, Рахманқұл Бердібайдың бірқатар еңбектерін атай отырып, соған байланысты шәкірті ретінде
« Қаратаудың бұлбұлы» тақырыбында қалам тартқанымды, жалпы Рахан қазақтың рухын көтеретін шынайы ұлтшыл азамат екенін, бұл кісінің еңбектері қазақ әдебиетінің денгейін көтерген абыз ұстаз деп білетінімді алға тарттым.
Конференция өте тартымды терен ой салатын дәрежеде өтті деуге болады. Соңынан ас беріліп, басына барып құран бағышталды. Қазақтың қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, сыншы, әдебеттін абызы, үлкен жүректі, фолкьлер танушы қайраткерге көрсетілген құрметті бізде қолдап қуаттадық.

Мыңжасар Асқарұлы,
қаламгер, ҚР Мәдениет қайраткері.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР