22-09-2021
15.3 C
Шымкент

Мемлекеттік тіл — ел бірлігінің кепілі

Облыстық «Қоғамдық келісім» КММ ғимаратында түрлі этнос жастары арасында «Мемлекеттік тіл- халықтар достығының дәнекері» тақырыбында байқау өтті.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, қолданыс аясын кеңейту мақсатында ұйымдастырылған шараға облысымыздағы орыс, өзбек, тәжік тілдерінде білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары қатысты.
Байқау барысында түрлі этнос жастары қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын үзінділерді жатқа айтып, қазақ әндерін шырқады. Салт-дәстүрімізді қаншалықты меңгергендігі, мемлекеттік тілде оқу, жазу деңгейі сыналды.
Байқау нәтижесінде арнайы құрылған қазылар алқасы бас жүлдеге Төлеби ауданынан келген Диана Исатаеваны лайықты деп тапты. І орын Кентау қаласынан келген Гүлсина Нематоваға, ІІ орын Арыс қаласынан келген Виктория Черкашинаға, ІІІ орын Отырар ауданынан келген Владислав Клименкоға бұйырды. Сондай-ақ, байқаудың өзге қатысушылары да ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Іс-шараның өтуіне Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы ұйытқы болды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР