21-09-2021
16.3 C
Шымкент

Бөдене өсіріп, пайдасын көруде

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында ОҚО Ордабасы ауданы, Жеңіс ауылының тұрғыны Ақмарал Жұманова «Бастау бизнес» жобасына қатысып, 1 ай кәсіпкерлік негіздерін оқып меңгерді. Алған білімін іске асыру мақсатында бөдене құсын өсіруді қолға алды. Бүгінде кәсіпкер шаруашылығындағы бөдененің саны 100-ден асқан. Ендігі кезек, ферманы заманауи үлгіде қайта жабдықтап, құс басын көбейту үшін қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Қызығы сол, Ақмарал мемлекет тарапынан берілетін жеңілдетілген несиеден бас тартып, кәсіпкерлігін дамытуға инвестор табатынын мәлімдеуде.
— Әрине, мемлекеттік қолдау үшін алғыстан басқа айтарым жоқ. Бүгінде бөдене жұмыртқасын сатылымға шығарып, пайдасын көріп келемін. Бұл ісіме қызығушылық танытқан ағайын-туысым ферманы кеңейтуге қаржы салуға келісіп отыр, — деп түсіндірді кәсіпкер бұл әрекетін.
Ақмаралдың айтуынша, қазіргі таңда жылына орта есеппен 10 мың жұмыртқаны сатылымға шығаруда. Келешекте бұл көрсеткішті еселеп, тұрғындарды да жұмыспен қамтитынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР