19-04-2024
24.3 C
Шымкент

Келелі кездесудің берері көп

ОҚО Түркістанда Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау мен түсіндіру бойынша «Үш тілді білу- ХХІ ғасыр талабы» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Аталған басқосуды облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырды. Шараға облыстық Ішкі саясат басқармасының Ақпараттық талдау орталығының және жергілікті мемлекеттік органдар өкілдері, сонымен қатар «Интеллект- эксперт» әлеуметтік-экономикалық зерттеулер орталығының сарапшылары қатысты.
Дөңгелек үстелді «Интеллект-эксперт» әлеуметтік-экономикалық зерттеулер орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Саттар Мәжитов жүргізіп отырды. Сондай-ақ басқосуда Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Дина Жүсіпәлиева «Үш тілді білу- әлемдік қауымдастыққа енудің ХХІ ғасырдың талабы» және Философия ғылымдарының докторы Гүлмира Біләлова «Абай Құнанбаев шығармашылығындағы тіл философиясы және қазіргі заман» тақырыптарында баяндамалар жасады. Сонымен қатар тақырып аясында өзге ғалымдар да баяндамалар жасап, ой бөлісті.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР