03-09-2021
18.3 C
Шымкент

Атқарылған жұмыстармен танысты

Облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков арнайы іс-сапармен Қазығұрт ауданына барды. Демеушілер есебінен құрылысы жүріп жатқан Ақбура кесенесіне аялдап, Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы бойынша ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды бағамдады. Ел іргесі… ерімен бекем. Ауданда қазір қалталы азаматтардың демеушілігімен Ақбура кесенесі жаңарып, Кемеқалған монументі еңсе тіктеп келеді. Облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков жергілікті азаматтардың әлеуметтік маңызды, тарихи-танымдық бастамаларда белсенділігі жоғары екенін бағамдап, оң баға берді.   Бұл күні облыс әкімінің орынбасары аудандағы №5  мамандандырылыған физика-математика бағытындағы мектеп-интернатында да болды. Жамбыл Қаппаров атындағы білім ошағында бүгінде 328 озат оқушы білім алады. Ал, аудан орталығындағы жаңадан ашылған отбасылар аллеясы осы маңдағы тұрғындардың бірден-бір демалыс аймағына айналған. Саялы мекенде болған Ұласбек Сәдібеков елімізде қолға алынған бағдарламалардың тиімділігін ерекше атап өтті. Облыс әкімінің орынбасары жаңа оқу жылында ел игілігіне берілген Ораз Жандосов мектебінің тыныс-тіршілігімен де етене танысты. Елдімекендерді аралау барысында әлеуметтік нысандардың материалдық-техникалық базасына көңіл аударды. Ал, аудан активімен өткен жиында бірқатар әлеуметтік мәселелерді талқылап, тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР