Облысымызда өз діни көзқарасын дұрыс деп санап, зайырлы қоғам талаптарын орындағысы келмейтіндермен жұмыс күшейтіледі. Ата-аналар тарапынан мектеп жасындағы оқушыға хиджаб кигізу, аурудың алдын-алу бойынша екпе шараларына мойынсұнбау секілді фактілер жиілеп барады. Облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысында осы мәселелер қаралды. Бүгінде қоғамдағы әлеуметтік салаларда кейбір азаматтар өздерінің діни көзқарастарына байланысты келіспеушіліктер туындатуда. Облысымызда аурудың алдын алу бойынша жүргізілетін екпе жұмыстарынан бас тартатындар қатары азаяр емес. Былтыр елімізде 980 бала медициналық шарадан қалыс қалған.
САМАТ САПАРБАЕВ — облыстық дін істері басқармасының басшысы: 511-ден 472-ге түсіп, 39-ға азайған. Екпе салдырғандар саны 24-тен 30-ға артып отыр. Дегенмен, бұл әлі толықтай нәтиже емес. Өйткені, білім беру нысандарында көрсеткіштер былтырғы жылмен салыстырғанда өзгеріссіз қалып отыр.
Өткен жылы облысымызда білім беру нысандарында хиджаб киіп, орамал тартатын 1102 бұрымды анықталған. Олардың 854-і — оқушылар.
САМАТ САПАРБАЕВ — облыстық дін істері басқармасының басшысы: Жаңа оқу жылында орамал тартушылар саны 221-ге азайған. Дегенмен кейбір аудандарда бұл көрсеткіш көбейіп отыр. Ордабасыда 4-еу ….
Жиын соңында мектептерде хиджаб киюге тыйым салу жолдары айтылды. ҚР Заңнамасында белгіленген талаптарды қатаң орындау арқылы мұндай жағдайларды болдырмау керектігі басты назарда болады,-дейді кеңес мүшелері.
НҰРМАХАН Кенжехан