test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Судан электр өндiрудi меңгерді

ОҚО Қазығұрт Аудандағы Қызылқия ауыл округiнде былтыр гидроэлектрстанса салынған едi. Құны 400 млн. теңге болатын жобаны «Salem Consulting» ЖШС жүзеге асырған. Жылына 63,2 млн. кВт электр энергиясын өндiретiн шағын гидроэлектрстанса бүгiнде Қызылқия мен Қақпақ ауыл әкiмдiктерiне қарасты 4 елдi мекендi электр қуатымен қамтып отыр. «Оңтүстiкжарық» мекемесiне әр киловатын 16,71 теңгеге өткiзiп жатқан стансада 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Үлкен Кескен каналына салынған бұл станса Қазығұрт ауданының 5/1 бөлiгiн электр қуатымен қамтамасыз етуге қауқарлы. Кәсiпорын басшысы Ғани Шалқаров станса заманауи генераторлармен қамтылғанын мәлiмдедi. Қазығұрт ауданының әкiмi Төлеген Телғараевтың айтуынша, былтыр ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң көлемi 29 млрд. теңгенi құраса, биыл ол 32 млрд. теңгеге жетпек.

– Ауданда инвестиция тарту, кәсiпкерлiктi дамыту, ауыл шаруашылығын қолдау бойынша нақты жұмыстар атқарылып жатыр. «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары өз деңгейiнде орындалса, жылыжайлар аумағы 100 гектарға жақындады. Индустриялық аймақта нақты 2 жоба жұмыс iстеуде. Жуырда тағы бiреуi iске қосылды, – дейдi ол

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР