04-04-2022
9.3 C
Шымкент

Мақсат — жұртты еңбекке тарту

 

Қазiр «жұмыс жоқ» деп үйiнде шалқайып жататын жiгiттер аз емес. Оларға ОҚО Шарапхана ауылының тұрғыны Рано Усмановадан үлгi ал дегiмiз келедi. Отағасынан айырылған 5 балалы келiншек «Өрлеу» бағдарламасы арқылы қаражат алып, мал шаруашылығымен айналысып жүр. – Бес перзентiм бар. Үлкенi – студент, ең кiшкентайы – балабақшада. Оларды асырау, өсiру үшiн қолдан келген iстi жасап жүрмiн. «Өрлеу» бағдарламасы арқылы 242 мың теңге алып, iрi қара мал мен тай сатып алдым. Осы шаруашылықты дамытып, мал басын көбейтудi жоспарлап отырмын. «Өрлеу» бағдарламасының жақсы жерi жәрдемақыны күтiп, телмiрiп отырмай, өз шаруашылығыңды ашасың. Кәсiп иесi атанасың. Зейнетақы қорыңа да ақша түсiп тұрады, – дейдi Рано Усманова.

Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң басшысы Аймен Өсербаевтың айтуынша, 2017 жылдың 9 айында «Өрлеу» бағдарламасына 1192 отбасы өтiнiш берiп, 1290 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Отбасы мүшелерiн қосқанда 6940 адамға қаржылай көмек тағайындалған. – «Өрлеудiң» басты мақсаты – масылдықты жойып, жұртты еңбекке тарту. Ауданда бұл бағдарламаға қызығушылық бар. «Өрлеу» пилоттық жобасына 7528 адамды қатыстыру көзделсе, қазiрдiң өзiнде 6940 адам тартылып отыр. Осы мақсатта республикалық бюджеттен бөлiнген 298 млн. 165 мың теңге жыл соңына дейiн толық игерiледi. «Өрлеудiң» арқасында балалар жәрдемақысын алушы отбасылар саны 18 пайызға кемiдi. Яғни, тұрғындар мемлекеттен жәрдемақы алып қана қоймай, нақты кәсiппен де айналысқысы келедi, – дейдi бөлiм басшысы.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР