07-09-2021
34.3 C
Шымкент

Еселі еңбек етуге серпін береді

Ел сенімі ердің еселі еңбек етуіне серпін болады. Елбасының Өсім, реформалар, даму бағытындағы бағдарламасын қолдайтын ОҚО-лық  кәсіпкер Қайрат Сүлейменов осылай дейді. Іскер азамат жуырда ғана облыстық мәслихаттағы босаған орындар үшін өткен сайлауда топ жарды. Ел сеніміне ие болып, жақтастарының мол екеніне көз жеткізді. Кәсіпкер енді мүмкіндіктер көкжиегін ашқан мемлекетке қызмет етпек ойда. Қайрат Мұсаханұлы — еңбекпен есейген азамат. Әкеден ерте айырылған ол жауапкершілік жүгін сезінген сәттен бастап, үйдегі бар шаруаны мойнына алды. Ептеген ісін кәсіпкерлікпен сабақтастырып, «Ұлы Орда»  серіктестігінің негізін қалады. Жанармай тапшылығы сезілген тұста 10 шақты бекет ашты. Ленгір қаласында қыш зауытының іргесін қалады. Оңтүстікте салынған әлеуметтік нысандардың құрылысын жүргізуге де мұрындық болып келеді. Халықтың қоғамдағы талабы мен тілегі, мүддесі билік тарапына депутат арқылы жетеді. Осыны ескерген Қайрат Сүлейменов халық қалаулысы ретінде ел үшін еселі еңбек етуге әзір. Іскер азамат жалған жарнама, арзан абырой жинаудан аулақ.  Жастық күш-жігерін мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына сарп етпек ойда. Әлеумет әлеуетіне бейжай қарай алмайтын азаматқа бүгінде ел ықыласы да ерекше. Жақсы істі көзі ашық көріп, көкірегі ояу сезінері анық. Сондықтан байқампаз, сыншы халық қана азаматына әділ бағасын бермек.

ГҮЛЖАУҺАР Ахметқызы             

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР