07-09-2021
34.3 C
Шымкент

Инабатты келін — ұлт анасы

Инабатты келін — ұлт анасы. Ақын да, батыр да анадан туған. Сондықтан, тал бесіктен тәрбие беретін келіндердің шеберлігін шыңдау – өнегелі іс. Осыны мақсат тұтқан мақтаралдықтар жас келіндер арасында сайыс өткізді. Шаблан Ділдәбеков ауылдық округі «Бірлік» мәдениет үйінде өткен байқауға Асықата ауылдық аумағынан 8 келін қатысты. Жаһандану заманында ұлттық құндылықтарымызды дамыту — аса маңызды шаруа. Себебі, өзге елдерге еліктей бермей, атадан балаға мирас болған төл дәстүрімізді берік ұстану  қажет. Сонда ғана ұлттық келбетіміз, қазақы сипатымыз  сақталады. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласында болашақ ұрпақтың тарихи жадын жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінген. Бүгінгі ұйымдастырылған шара — сол бағдарламаның бір парасы. Әйел — отбасының тұтқасы. Бүгінгі таңда ұлтымызға тән  барлық жақсы қасиеттер бойынан табылатын қазақ келіндері халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрін насихаттап, ұлттық тағам түрлерін әзірлеу бойынша бақ сынады.

Бақтияр Әбдуов – «Бірлік» мәдениет үйінің ұйымдастырушысы: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында өтіп жатыр. Бүгінгі сайысымызды өткізіп жатқандағы мақсатымыз — қазақтың әдет-ғұрпын құрметтеп, салт-дәстүрін берік ұстаған инабатты, ибалы қазақ келінін дәріптеу мақсатында өтіп жатыр.

Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Таныстыру, сұрақ-жауап, өз өнері, ас мәзірі, қолөнер бұйымы.  Қатысушыларға өзара мықтына анықтау оңайға соқпады. Дегенмен  Абай ауылдық округінен келген Абдіхалықовтар әулетінің келіні Сәуле Ешанкулова өзінің өзгелерден бәсі жоғары екенін дәлелдеді.

Сәуле Ешанкулова — №25 Титов атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі:  Мұндай қазақтың салт-дәстүрін қазіргі кезде тәрбиелі келін болып қалыптасуына бүгінгі сайыстың өзіндік орны ерекше деп айта аламын. Жалпы бүгінгі сайыс әділ өтті деп айта аламын. Бүгінгі сайысқа қолдан келгенінше дайындалдық. Ризамын бүгінгі сайыстың өткеніне. Өз өнеріме қазақтың ұлттық өнері домбыраның сүймелдеуімен қазақтың ұлттық әнін айттым мұндағы домбырамен айтудағы мақсатым яғни қазақтың салт-дәстүрін насихаттау болды.

Орындаушылық шеберлігімен, талғампаздығымен асыл мұраны сақтаған қазақтың келіндері – ұлтымыздың ұрпақ жалғастырушысы, отбасының берекесі. Сондықтан мұндай сайыстардың тәрбиелік мәні зор.

НҰРМАХАН Кенжехан

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР