04-09-2021
34.3 C
Шымкент

Туған жеріне құрмет көрсетті

Отанды сүю атамекенге деген құрметтен басталады. Ауылды абаттандырып, мешіт салу кәсіпкерлердің туған жерге деген ыстық ықыласынан туындайды. Мақтарал ауданындағы Алғабас елдімекенінің тұрғындары өзге қырынан танылды. Қазақ «Туған жерге туыңды тік!», — деп, бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа деген сүйіспеншіліктен басталады. Отанды сүю иманнан қағидасын жадына тұтқан Жасұзақовтар отбасы ауылдағы мазаратты жаңғыртуға күш салды.  «Өлі разы болмай, тірі байымас», — дейді қазақ даналығы. Бахыт және Серік Жасұзақовтар осылайша бабалар рухына тағзым етті. Ауыл азаматтары «Маханбет ата» мазаратына қақпа тұрғызып,  «Ғибадатхана» салып берді.

БАХЫТ ЖАСҰЗАҚОВ – ЖЕКЕ КӘСІПКЕР: Ауылымызға осындай нысана салып, халықтың игілігіне тапсырып отырмыз. Өзі негізі көп жылдан бері бар мазарат еді. Соны қалпына келтіріп жатырмыз. Жаңадан салып, адамдарға зиярат етіп кетуге қолайлы жағдай істеп жатырмыз. Өзіміздің халқымызға, ауылымызға атағанымыз бізден. Елбасымыздың рухани жаңғыруына атсалысып жатырмыз.

НҰРМАХАН Кенжехан  

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР