test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Инновациялық жобаларға қолдау бар

«ONTUSTIK START-UP» телевизиялық жобасы қолында бизнес проектісі бар, бірақ қаржысы жоқ жастар үшін тиімді болмақ. Ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін, нарықта сұранысқа ие болатын инновациялық жобаңыз болса, мүмкіндікті мүлт жібермеңіз. Аталмыш бастама шағын және орта бизнесті дамыту жолында сізге серпін бермек. «Еңбек етуші халықтың 60 пайызы шағын және орта бизнесті дамытқанда ғана Қазақстан тұрақтылыққа қол жеткізеді».  Осылай деген Елбасы ел әлеуетін арттырудың негізгі тетігін көрсетті. Ал, Қазақстан халқының 26 пайызын құрайтын жастарды дәл осы бағытқа бейімдесек, мәреге межеленген уақытында жетеріміз анық. «Ontustik startup» жобасы «мемлекеттен қолдау бар, бірақ, шектеулі, талаптары қатаң» деген жас кәсіпкерлерге дем бермек.  Инновациялық жобалар байқауының жастар үшін тиімділігі неде?  Біріншіден,  ауыл-аймақ, аудан-қала көлеміндегі кәсіпкер болуға ниетті жастар түгел дерлік қамтылады. Екіншіден, жоба телевизиялық форматта жүзеге асады. Ең өтімді, бұрын-соңды іске асырылмаған проект қана байқау шартына сай келмек. Тәуелсіз сарапшылардың іріктеуінен сүрінбей өткендер 1 млн. теңге көлемінде қаржылай сыйақыға ие болады. Сондай-ақ, жоба қатысушылары кәсіпкер азаматтармен тәжірибе алмасады.  Осылайша Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма мен «Жас Отан» жастар қанатының ОҚОФ, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп, жастардың бизнес идеяларын қолдауға ниет білдіріп отыр. Жас кәсіпкер атанып, ел экономикасын еселеуге ниеттілер болса, өз өтінімдерін қараша айының 13-не дейін білдіруі тиіс.

ШОЛПАН Пайзілдәқызы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР