06-09-2021
29.3 C
Шымкент

Мемлекеттен қомақты жәрдемақы беріледі

Оңтүстік тұрғындары үшін жағымды жаңалық. Енді тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне үй құнының елу пайызын жинамай-ақ, баспана алуға болады. Ол үшін Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударуыңыз қажет. Тіпті, отбасыңызбен сонда көшуді ұйғарсаңыз, мемлекеттен қомақты жәрдемақы да беріледі. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары мәлімдеп отыр. Статистикаға сүйенсек, соңғы үш жылда өңір халқы 272 мың адамға артқан. Сөйтіп, облыстағы халықтың тығыздығы 1 шаршы метрге шаққанда 24 адамға жетті. Мақтарал, Сарыағаш аудандарындағы бұл көрсеткіш 100 адамнан асады. Осы статистиканы төмендету үшін алдағы бес жылда өңірімізден 22 мыңнан астам отбасын солтүстік облыстарға қоныстандыру жоспарланған. Жалпы бұл бағдарлама қолға алынғалы бері оңтүстік өңірлерден солтүстікке 58 мың 904 отбасы қоныс аударса, соның 40 пайызы оңтүстіктің тұрғындары екен. Яғни, жобаны жүзеге асыруда біздегі белсенділік жоғары. Осы көрсеткішті төмендетпеуүшін басқарма қажетті шараларды қолға алған. Солтүстікте қандай жұмыс орындары барын және онда барғанда қандай жеңілдіктердің берілетінін барлық аудан-қаладағы жұмыспен қамту орталықтарынан білуге болады. Ал, қоныс аударып, жеңілдікке қол жеткізуге барлық азаматтың мүмкіндігі бар.

МАҚСҰТ Жарылқасын

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР