21-09-2021
16.3 C
Шымкент

Этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті (әрі қарай- Департамент) мен «Қоғамдық келісім» КММ бірлесе этномәдени бірлестіктер, М.Әуезов атындағы ОҚМУ жанындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы, жастар орталықтары және БАҚ өкілдерімен кездесу ұйымдастырды.
Іс-шараны «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Е.Байқонақов ашып берді. Ербол Сүлейменұлы өз сөзінде Ассамблея қазақстандық азаматтық бірегейлікті және бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру үдерісінде Қазақстан Республикасындағы этносаралық келісімді қамтамасыз ету екенін атап өтті.  Сонымен қатар, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Р.Пак тәуелсіз Қазақстанның басты байлығы көп ұлтты мемлекеттегі халықтар мен ұлттардың достығы екенін атап өтті. Департаменттің бас маманы А.Колосков ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлықты жалпы қабылдамауды қалыптастыруда ҚХА-мен ынтымақтастық әлеуетін жоғары бағалайтындығын жеткізді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша Этномәдени бірлестіктермен бірлескен жұмыс мемлекет пен қоғам арасындағы диалогтық алаңдарды әмбебап ұйымдастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР