test
06-07-2024
32.3 C
Шымкент

Ауыл тұрғындарына есебін берді

ОҚО Созақ аудандық мәслихаты депутаттығына №11 Тасты сайлау округінен сайланған депутат Жанұзақов Сатыбалды Қуандықұлы 30 қазан күні Тасты, Шу, Жуантөбе ауыл әкімшіліктеріндегі ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында Созақ аудандық мәслихаты депутаттарының 2016 жылдың қазан-қараша айларында сайлаушылармен өткізген кездесу жиналыстарында айтылған ұсыныс-пікірлер мен өтініштерді жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес атқарылған жұмыстарға есеп берді. Сонымен қатар ауыл тұрғындарының көптен көкейлерінде жүргенсан түрлі ұсыныс-пікірлерге, сауалдарға жауап берді. Біршама уақытты қажет ететін мәселелерді тиісті басшылардың назарына ұсыну мақсатында депутат алдағы уақытта атқаруға жұмыс жасайтын болады. Солардың ішінде зейнеткер Тұрар Орынбекұлы, Балтабай Жандәулетов, Тасты ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңіс Айтбайұлы сияқты ауыл тұрғындары тарапынан айтылған Шу елді мекенінен мал тоғытатын алаң салу, Шу-Жуантөбе аралығындағы жолға ақ жолақ сызық сызылып, жолды жол қапталындағы шөптерден тазарту, Шу елді мекеніндегі мұғалімдердің білім деңгейін көтеру (білімін көтеру, оқыту), Тасты елді мекеніндегі ауыз су бағасының қымбаттауы туралы, Тасты елді мекені ішіндегі мектепке дейін баратын аяқ жол салу, Тасты елді мекеніндегі жайылымдағы көпірді қайта салу, Жуантөбе елді мекеніне қарасты малдарды суғаруға артезиан құдықтарын қазу, қасқыр аулау мәселелері ұсыныс ретінде халық қалаулысына ұсынылды. Депутат Сатыбалды Жанұзақов ауыл тұрғындары айтқан оңды ұсыныстар төңірегінде жұмыстар атқаратынын жеткізді. Көпшілік қауым халық қалаулысының сайланған мерзім ішінде атқарған жұмыстарына алғыстарын білдірді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР