05-09-2021
17.3 C
Шымкент

Халық қалаулысының қаперіне салды

ОҚО Созақ ауданы № 7 Сызған сайлау округінен сайланған аудандық маслихаттың депутаты Момбекова Гүлжан Төлегенқызы Сызған ауылдық округіне қарасты Қозмолдақ, Қайнар, Сызған, Басбұлақ, Жыныс ата елді-мекендерінде тұратын халық алдында есеп берді. Осы уақытқа дейін Сызған ауылдық округіне бұрылысынан 10 шақырым асфальт жолды күрделі жөндеуден өткізсе, Қайнар елді мекеніндегі тасқын су ағатын арнаны тазалап, жан-жағына ор жасалса және ауыз сумен қамтамассыз етілсе, Басбұлақ елді мекені ауыз сумен қамтылса және үй іргелік жерлеріне егіс егіп өнім алу үшін таудан су әкелу жолы қарастырылса. Сызған елді мекеніндегі орталық көшесі асфальтталса деген сауалдар қойылған болатын. Бұл мәселелерде аудандық мәcлихаттың депутаты Гүлжан Төлегенқызы биылғы жылы атқарылатын іс-шаралар көп екендігін, аталған жұмыстар бойынша жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізіліп жатқандығын сөз етті. Атап айтқанда, Қайнар мен Қозмолдақ елді-мекендерінде екі көпір салынып, Жыныс ата, Қозмолдақ, Қайнар ауылында көше бойына тас төселгендігін қоса айтып өтті. Жалпы, халық тарапынан қойылған әрбір сауалды депутат жауапсыз қалдырмады. Қозмолдақ ауылындағы Қойбаев көшесінің жарығы төмен деп наразы болған халық бұл мәселені депутаттың көмегімен шешкенін атап өтті. Осы жиналыста Қозмолдақ ауылының тұрғыны Таңатаров Байзақ -ауыл емханасында физлечение аппараты жоқ. Бұл аппарат халық үшін – ең басты қажеттілік — деп өз ойын ортаға салса, Қайнар ауылының тұрғындары Қайнар ауылынан салынған екі көпір құрлысының өз дәрежесінде аяқталмағанын, ауыл тұрғындары көпірдің сапасыз салынуына алаңдап отырғанын айтып, көпір мәселесін қайта көтерді. Ал Сызған ауылының тұрғыны Баймағанбетов Әбдуәлі елдің тыныш және бейбіт заманда өмір сүруі – олардың бірлесіп жұмыс атқаруында- деген қариялық тілегін жеткізді. Қозмолдақ ауылының тұрғыны Құтжанов Сәуірбек елді-мекенге бақташы қажеттігін айтып, егер иесіз жүрген малдарды бір ортаға салып қарайтын бақташы болған жағдайда бау-бақша өнімінің артуына ықпал ететіндігін тілге тиек етті. Сонымен қатар, халыққа қызмет етіп, ерен еңбегін арнағаны үшін аудандық мәслихаттың депутаты Гүлжан Төлегенқызына өз алғысын білдірді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР