05-05-2022
14.3 C
Шымкент

Атаулы әлеуметтік көмектің шарты түсіндірілуде

Келер жылдан бастап шартты ақшалай көмек жұмысбасты азаматтарға да тағайындалады. Ол үшін ай сайынғы отбасылық табысы күнкөріс деңгейінен төмен болуы тиіс. 2018 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енетін жаңаша атаулы әлеуметтік көмек жүйесінде осындай өзгерістер енгізіліп отыр. Бүгінде осынау жаңалықтарды халыққа түсіндіру шараларына қызу кіріскен сала мамандары аудандарды аралап жүр. Сондай жиындардың бірі Шардарада ауданында өтті.  Қайткенде де халықты кедейлік құрсауынан құтқару үшін жаңартылып отырған әлеуметтік жүйенің басты қағидасы — «Аш адамға балық емес, қармақ берге» саяды. Сала мамандары, осылайша, азаматтарды масылдықтан арылтып, әркімнің мүмкіндігі мен қабілетіне қарай еңбек нарығына қатыстыруға болады дейді. Бұл ретте шартты және шартсыз ақшалай көмек беруді қадағалайтын арнайы комиссияға үлкен жауапкершілік артылып отыр дейді сала басқарма басшысы.

Келер жылы атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесі мемлекеттік қызмет түріне енгізілетіндіктен, бұл салаға бақылау күшейтіледі. Бұл қызметті іске асыруда халықты жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен жұмыспен қамту орталықтары күш біріктіріп жұмыс істейді. Қос мекеме арасындағы құжат айналымдарының көбеюіне байланысты мамандардың бір жерде орналасуы да маңызды дейді жауаптылар. Бұл — жергілікті билік өкілдерінің құзырындағы шаруа. Ал әлеуметтік көмекке зәру халық жаңа жүйенің маңызды тұстарын біліп алғаны дұрыс. Келер жылдан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызы кедейшілік деңгейі болуына байланысты ақшалай көмек те қомақты болғалы тұр. Тек халықты қаражатты мақсатты әрі тиімді ұсатуға бағыттай білу керек дейді билік өкілдері. Сонымен, жаңа жылдан бастап елімізде атаулы әлеуметтік көмектің жаңа түрі енгізіледі. Яғни, аз қамтамасыз етілген азаматтар мен отбасыларға берілетін 3 түрлі мемлекеттік қолдау бұдан былай бір жәрдемақы арқылы берілетін болады. Бұл көмекке мұқтаждар саны саны қазір облыста 300 мыңға жуықтап отыр.

Мақпал Рысбаева

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР