21-09-2021
11.3 C
Шымкент

«Көнеден жеткен сыр-сандық»

«Ардагерлер кеңесі» облыстық қоғамдық бірлестігінің бастамасымен, «Ата-баба дәстүрі–ұрпаққа аманат» бағдарламасы аясында ОҚО  Ордабасы ауданында «Көнеден жеткен сыр-сандық» тақырыбында ауданаралық іс-шара өтті. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов бастаған топ алдымен Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы облыстық спорт мұражайына ат басын бұрып, балуанның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Аудандық мәдениет үйінде қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылып, «Ордабасы» ұлттық -аспаптық оркестірі жиынға қатысушыларды әуелеткен ән-күймен қарсы алды.
Салтанатты жиынды аудан әкімі Рашид Қайыпжанов ашып:
— Бүгінгі кездесудің «Көнеден жеткен сыр-сандық» тақырыбымен өтуі – кездейсоқ емес. Өйткені, ұлттық ұстанымдарымызды осындай жиындар арқылы ұрпақ бойына сіңіріп, оларды салтымызға, дәстүрімізге, болмысымызға қайшы келетін әрекеттерден сақтандыруымыз қажет, — деді. Сонымен қатар, аға буынның ұлағатты ұрпақ қалыптастырудағы еңбектеріне жеміс тіледі.
«Көнеден жеткен сыр-сандық» тақырыбы аясында, өнегелі өмірімен танылған ардагер-ұстаз, Шұбар ауыл округі әжелер алқасының төрайымы Рымкүл Ертайдың тағдыры сахналанды. Көрініс барысында 76 жасар Рымкүл ана мың бұралған биімен көпшілікті таңдандырды.
Ордабасылықтардан соң сахнаға Бәйдібек ауданының ардагерлері шығып, төркіндеу салтының қыр-сырын танытатын қойылым көрсетті. Ал, Арыс қаласынан келген қонақтар «бие қысырамас» дәстүрінің ерекшеліктерін паш етті. Жиынға сондай-ақ, «Ырыс алды — ынтымақ» облыстық қоғамдық форумының хатшысы, «Алаш» сыйлығының иегері Мархабат Байғұт, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, облыстық «Әжелер алқасы» төрайымы Үрзада Айтөреева, Қазақстанның Құрметті журналисті Байдулла Қонысбек, тыл еңбеккері, ардагер Шерім Медеуов, еңбек ардагері, педагогикалық ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Несіпханым Камалова, қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов, ақын, К.Симонов атындағы халықаралық сыйлықтың иегері Нармахан Бегалыұлы қатысты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР