test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Ардагерлер Ордабасыда бас қосты

ОҚО  ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов бастаған топ алдымен, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы облыстық спорт мұражайына ат басын бұрды. Балуан ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Аудандық мәдениет үйінде қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылып, «Ордабасы» ұлттық-аспаптық оркестрі көрерменді әуелеген ән-күймен қарсы алды.

Рашид Қайыпжанов – Ордабасы ауданының әкім: — Қажымұқан атамыз дүние жүзін мойындатқан балуан. Іс-шараны музейден бастап, облыс көлеміндегі ардагерлер, әжелер, әйелдер кеңесінің төрайымдары бар, солардың бәрін бірсыпыра таныстыра өту. 3-4 жыл көлемінде Қажымұқан атамыздың 150-жылдығын тойлау жоспарда бар. Оған біраз іс-шаралар жоспары құрылған.

Ордабасылықтардан соң, сахна төріне Бәйдібек ауданының ардагерлері шығып, төркіндеу салтының қыр-сырын ашқан қойылым көрсетті. Ал, Арыс қаласынан келген қатысушылар «бие қысырамас» дәстүрінің ерекшеліктерін паш етті. Ұлттық ұстанымдарымыз дәл осындай жиындар арқылы ұрпақ бойына сіңеді. Оларды салт-дәстүрімізге, қазақы болмысымызға қайшы келетін әрекеттерден аулақ ұстауға септігін тигізеді, — дейді игі бастамашылар.

Жеңісбек Мәуленқұлов – Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағас: Биылғы жылы облыстық ардагерлер кеңесі елмен басқосуда, елді аралауда3-4 ауданды біріктіріп, бірге өткізуді дұрыс деп есептедік. Өйткені, бір ауданның көрінісі, сол елдің дәстүрімен таныса отырып, бірлігі мен ынтымағын нығайта түсу деген ниетте болған.

Байдулла Қонысбек – Қазақстанның құрметті журналисі: Айналайын әжелер, аталар, жасай беріңіздер! Ұрпақтарыңыз, немере-шөберелеріңіздің қызығын көріңіздер! Біз сіздерге үлгіміз, өнегеміз, жастар! Естеріңізде болсын, мына көріністердің қай-қайсысы болса да, сендер үшін жасалып жатыр. Болашақ Қазақстанның абыройы, беделі сендерсіңдер! Сендерге үлкен сенім артамыз, соны ақтаңдар!

Салтанатты жиын соңында көрермен назарына концерттік бағдарлама ұсынылды. Елімізді төрткүл дүниеге танытқан Елбасының маңызды бастамалары болашаққа батыл қадам жасауда өз үлесін тигізері анық.

АҚМАРАЛ Көпжасарова

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР