06-04-2022
13.3 C
Шымкент

Түркі әлемі инженелер және сәулетшілер одағы мүшелерін қабылдады

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев түркі әлемі инженерлер және сәулетшілер одағы мүшелерін қабылдады. Кездесуде тараптар сәулетшілік және қала құрылысы жобаларын әңгімелеп, түркі әлемінің ежелгі сәулет өнері ескерткіштерін сақтауға және оның бүлінуін болдырмау, құрылысты салу барысында ежелгі дәстүрлері мен заманауи ұстанымдарын үйлесімді ықпалдастыру жайын сөз етті. Оңтүстік — Қазақстанның шуақты бөлігінде орналасқан халқы еңбекқор әрі қонақжай өңір екенін айтқан аймақ басшысы, облыстың тарихи және киелі жерлерімен таныстыру мақсатында Сіздер үшін арнайы үш күндік бағдарлама әзірленгенін жеткізді. Сонымен қатар, әкім Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыста «КөнеТүркістан», «Ордабасы мемориалы», «Қазығұрт – Кеме қалған» тарихи-мәдени кешені сынды бірқатар жобалар қолға алынғанын атап өтті. Өз кезегінде Түркі дүниесінің сәулетшілер және инженерлер одағының бас хатшысы Ілияс Демирджи сөз алып, атажұртқа келгеніне қуанышты екенін айтып, облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың қабылдағанына алғысын білдірді. «Біздің Оңтүстік өңіріне жасаған сапарымыздың мақсаты – атажұртымызбен бірлесіп, тиісті бағдарламалар жүргізу. Түрік дүниесінің инженерлер және сәулетшілер одағы «Фирбанк» құрылыс банкімен бірлесе тұрғын үй мен құрылыс саласында көмек бермек.  Бүгінде Әзірбайжан, Түркия және Қырғызстан елдерінде құны 60 млн.доллар болатын бірлескен жобалар әзірленіп жатыр. Бұл орайда, біз тәжірбие алмасу үшін сәулет және қала құрылыс басқармасының басшысын Түркия еліне шақырамыз»,-деді Ілияс Демирджи. Түркия мемлекетінен келген делегаттар сапары барысында Оңтүстіктің киелі жерлеріне зиярат етіп, тарихи және көрікті жерлерін тамашалайтын болады. Сонымен бірге Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өтетін семинарға қатыспақ.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР