16-04-2024
18.3 C
Шымкент

«Қыс- 2017» оқу жаттығу жиыны өтті

Қыс мезгілі шамамен алты айға созылатын теріскей өңірі үшiн «Қыс-2017» оқу-жаттығуларының маңыздылығы зор. Осы орайда ОҚО Созақ ауданында “Қыс мезгілі жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс- қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау дайындығы» тақырыбында қыс кезіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнінде оқу жаттығу жиыны ұйымдастырылды. Оқу жаттығу жиынына, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, ішкі істер бөлімі, аурухана т. б тиісті бөлім қызметкерлері қатысты.
Бұл оқу-жаттығу қыс мезгілінде болатын боран мен бұрқасын кезіндегі және “тілсіз жау” – өрт кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу, коммуналдық шаруашылықтардың қысқа әзірлігін байқау мақсатында ұйымдастырылды. Аудан әкiмi С. Полатовтың басшылығымен өткiзiлген оқуға апаттық-құтқару жұмыстарын өткiзу кезiнде қолданылатын техникалар қатыстырылды. Жалпы апаттардың зардаптарын жоюға, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету және оларды төтенше жағдайлар аймағынан эвакуациялауға шұғыл әрекет ету отрядының даярлығы тексерiлдi. Жалпы құтқарушылар мен өртсөндірушілер ширақ қимылдап, төтенше жағдайларға сақадай сай екендіктерін танытты. Ұйымдастырылған оқу-жаттығу еліміздің басты байлығы – адам өмірі мен материалдық құндылықтарды сақтауды мақсат етеді.
Биыл адамдарды құтқаруға арналған оқу-жаттығу жұмыстары Шолаққорған ауылындағы «Ақжол» ЖШС ғимаратында өтті.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР