test
10-07-2024
33.3 C
Шымкент

Әскери-патриоттық тәрбиенің берері мол

ОҚО Созақ ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің және Созақ аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің ұйымдастыруымен «Әскери-патриоттық тәрбиенің мақсат және міндеттері» тақырыбында аудандық форум өтті.
Форумға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер ардагерлері, Ауған соғысы ардагерлері, әскери есеп столы жөніндегі мамандар мен алғашқы әскери дайындық жетекшілері, жастар, аудандық БАҚ және ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Форумда Созақ аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары, подполковник Ештаев Сейдуалы Абдуллаұлы баяндама жасады. Баяндамасында Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуының 25 жылдығымен құттықтай келе, жоғары және орта әскери оқу орындарына түсу, келісім-шарт бойынша әскери қызметке тұру мәселелерін түсіндірді. Сонымен қатар, мерзімді әскери қызмет етудің міндеттілігін қадап айтты.
Жарыссөзде сөз алған Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагері, подполковник Онбаев Торланбай Мейірбайұлы, «Шолаққорған» жалпы орта мектебінің алғашқы әскери дайындық жетекшісі Шарафутдинов Сұлтан, ҚР ҰҚК Шекара қызметінде әскери борышын абыроймен атқарып оралған Айбекұлы Асхат баяндамашының ұсыныстарын қуаттап, өз ойларын да ортаға салды.
Форум қорытындысымен арнайы қарар қабылданып, алдағы уақытта атқарылуы тиіс міндеттер нақтыланды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР