06-09-2021
17.3 C
Шымкент

Кезекті мәжіліс өтті

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты  Бәйдібек ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Н.Айтбеков кезекті аппарат мәжілісін өткізді. Мәжілісте қысқы маусымға дайындық, Шаяндағы мемлекеттік мекемелер мен жеке секторды газдандыру, 2017 жылғы жобалық-сметалық құжаттамалардың әзірлену барысы қаралды. Мәжілісте аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Б.Ысқақов, аудандық электрлендіру жүйесінің басшысы М.Айнақожа, «Оңтүстік жолдары» мекемесінің өкілі есеп берді. Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі пысықталатын болып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.  Бұдан соң аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ш.Отыншиев «Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу үшін мәртебесі белгісіз азаматтарды анықтау барысы туралы» баяндамалар жасады. Бүгінде өзекті болып отырған міндетті әлеуметтік сақтандыру, аталлы әлеуметтік көмек сияқты мәселелерді аудан тұрғындары арасында жеткілікті түсіндіру жұмыстарының жүргізілуін қадағалау туралы ескертілді. Мәжілістің күн тәртібіне қатысты ауыл әкімдері мен мекеме басшылары ұсыныс-пікірлерін білдірді.

«АЛҒАБАС» — ақпарат.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР