test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Ұстаздар бақ сынасты

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жер» бағдарламасына сәйкес жасөспірімдердің туған еліне деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық намысын қалыптастыру және патриоттық сезімдерін ояту мақсатында Шымкент қаласындағы №5 колледждің мәжіліс залында облыстық «Өнерлі ұстаз — 2017» байқауы болып өтті. Байқауға облыстың барлық аудандарынан және Шымкент қаласынан 16 мұғалім қатысты.
Үш кезең бойынша сынға түскен мұғалімдердің алғашқы сайысы «Білімді ұстаз» өзін-өзі таныстыру болды. «Рухани жаңғыру — нәтижелі білімде» деген тақырыппен өткен екінші кезеңінде ашық сабақ өтудің тиімді әдіс-тәсілдері көрсетілді. Байқаудың үшінші шарты бойынша бірі ән айтып, бірі би билеп, өз өнерлерін ортаға салды.
Облыс мұғалімдері арасында өткен «Өнерлі ұстаз — 2017» байқауында «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанған, жоғарғы шығармашылық бастамалары, кәсіби шеберлігімен танылған Қайнар жалпы орта мектебінің мұғалімі Әлжанов Шынболат 1-орынды жеңіп алып, жүлдегер атанды.

С.ҚҰРМАНБАЕВ,
аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР