test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Сайлаушылармен кездесті

Облыстық мәслихаттың депутаты Шәріпбек Жамалбеков жуырда Боралдай ауыл әкімдігіне қарасты Түйетас, Амансай, Сарыбұлақ және Талап ауылдарындағы сайлаушылар өкілдерімен кездесті. Оған дейін Түйетас ауылында Бауыржан Момышұлы мектебінің жаңа жайын салып жатқан еңбек ұжымында болып, іс барысымен танысты. Сондай-ақ, осы елді мекендегі пайдалануға берілмекші медициналық тірек жайында болды. Талап ауылында өткен кездесу жиынын «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Т.Дүйсенбеков ашып, жүргізіп отырды. Облыстық мәслихат депутаты Ш.Жамалбеков өз сөзінде өңірімізде атқарылып жатқан ауқымды істер туралы, ауданымызға көрсетілген көмек туралы, әлеуметтік мәселелердің шешімін қалай тауып жатқандығын кеңінен әңгімеледі.
Жарыс сөзге шыққан сарыбұлақтық Т.Нәлібаева, Қ.Әбілда, Г.Үсіпбекова, Ә.Әлібекова; Талаптан С.Тойбеков, О.Дүйсенов; Түйетастан Ә.Дүйсенов; Амансайдан Ү.Жауылбаев – медициналық қызметтің сапасын жақсарту, көшелерге тас төсеу, электр жарығының жиі өшуі, ауыз судың тоқтап қала беретіндігі, көпір салу, тұрғын үй салуға жер бөлу, телефон байланысын бір қалыпқа келтіру, Амансай ауылына түсе беріс ылди жол бойына тірек жасау, тозығы жеткен трансформаторды жаңарту, ескірген бағаналарды ауыстыру және Талап ауылындағы жер үлесі дұрыс шешілмеген он үш үйдің үлесін ретке келтіру сияқты ұсыныстарын ортаға салды. Бұл мәселелер бойынша облыстық мәслихат депутаты Ш.Жамалбеков, аудан әкімінің орынбасары Н.Айтбеков сөйлеп, түсіндірмелер жасады.
Кездесуге аудандық мәслихат хатшысының міндетін уақытша атқарушы Б.Қалаубай, Боралдай ауыл әкімі А.Махамбетов қатысты.

«АЛҒАБАС» — ақпарат.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР