test
01-07-2024
28.3 C
Шымкент

Нұрлы болашақ жолында

«Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жолдасов Нұрмахан Миятұлы іс-сапармен Сайрам ауданында болды. Кездесуге Сайрам ауданының әкімі Мамаев Бақтияр Сапарәліұлы, «Нұр Отан» партиясы Сайрам аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қалыбаева Мария Жахангерқызы, ауыл округі әкімдері, БПҰ төрағалары мен аудандық мәслихат депутаттары қатысып, атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырылды. Іс-сапар кестесіне сәйкес, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан Қарасу ауылындағы 600 орындық мектептің жұмыстарымен танысып, оң бағасын беріп, мектеп алдына көшеттер отырғызылды. Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қолдау тапқан «Golden Nomad» тігін фабрикасының өнімдерімен танысты. Бұдан кейін «Нұр Отан» партиясы Сайрам аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өткізіп, қабылдауға жазылған 3 азаматтың мәселесін қарап, Заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қабылдау соңында партия қызметкерлерімен, аудандық мәслихат депуттары және зиялы қауым өкілдері, БПҰ төрағалары, дербес бөлім басшыларымен кездесіп алдағы атқарылар жұмыстарға тоқталды. Аудандағы проблемалық мәслелерді анықтап, олардың нақты шешу жолдарын қарастыруды атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР