02-04-2022
16.3 C
Шымкент

Кәсіптік білім басты бағдар

Оңтүстік Қазақстан облысында 2017-2018 жылдар аралығында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 74176 студент білім алуда. Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда мемлекеттік тапсырыспен оқитындардың саны 5,4 пайызға артқан.  Өңірде кәсіптік білім беретін жүзге жуық оқу орны бар.  Осындай облыс орталығындағы іргелі оқу орындарының бірі №5 колледж жұмысымен журналистер ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған көшпелі брифинг барысында танысып қайтты.  1941 жылдан бері маман даярлап келетін білім ордасы  тігінші, модельер, техник-технолог, тоқушы сынды мамандық иелерін дайындауда. Бұл туралы көшпелі брифинг барысында колледж директоры Гүлмира Тағаева мәлім етті. Оның айтуынша, колледж облыста жеңіл өнеркәсіп мамандарын дайындайтын оқу орталығы. «Негізінен кәсіптік білім беруге бағытталған. Дәл қазір 814 білім алушымыз бар. 19 оқу кабинеті мен  9 оқу-өндірістік шеберханамыз жұмыс істейді. Штаттық кестеге сәйкес  ұжымда  77 педагог  жұмыс жасайды. Оның 38-ден астамы жоғары және І санаттағы оқытушылар. Сондай-ақ, ОҚО  Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп дуальды оқыту жүйесі негізінде  облыстағы жеңіл өнеркәсіп саласындағы ірі  21 кәсіпорынмен 4 жақты келісімшарт жасалынған. Соның нәтижесінде бітіруші түлектеріміз 100 пайыз жұмысқа орналасады», — деп мәлімдеді. Оқу орны  облысымыздағы «Bal Tekstil»,  «Azala Textile», «Әлем-БТ», «ГауҺар», «SABTEX» тігін фабрикалары сынды өндіріс орындарына мамандар даярлап келеді.

«Осы колледжде «Өрлеу» бағдаламасы бойынша қысқа мерзімде оқып, білім алдым.  Соның нәтижесінде бүгінде «Жаңаталап-МТ» тігін фабрикасына жұмысқа орналасып, нәпақамды тауып жатырмын» ,- дейді колледж түлегі Алмаш Шайзадаева.  «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында қысқа мерзімді курстар бойынша 12 мыңнан астам адам 87 түрлі мамандық бойынша білім беру ұйымдарына оқуға жолданып, оның 30 пайыздан астамы жұмысқа орналасқан.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР