Шымкент қаласындағы «Көрме орталығында» облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен Оңтүстік Қазақстандағы 6-шы халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылығы «AgriTek Shуmkent 2017» көрмесі өтті. Көрмеде Қазақстанның, Оңтүстік Кореяның, Ресейдің, Түркияның және Өзбекстанның 50-ден астам ауыл шаруашылық техникасын және жабдықтарын, қосалқы бөлшектерді, суару және тыңайту технологияларын, жылыжайларды, тұқымдармен екпелерді, тыңыйтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын, мал шаруашылығына арналған технологияларды диқандар мен шаруаларға ұсынылды. Жаңа технологиялармен танысып, тәжірибе алмасу үшін ауданымыздың диқандары мен шаруаларын аудан әкімі Ерлан Айтаханов бастап барды. Өндірістің өнімділігін арттыратын заманауи технологиялар отырарлықтардың қызығушылығын тудырды. Әсіресе жылыжайға арналған құралдар мен егіс алқаптарын тамшылатып суаратын құрылғылар бүгінгі таңда аса қажет-ақ. Аз шығын жұмсап, мол өнім алуға қол жеткізетін осындай технологияларды өңірімізге алып келген облыс әкіміне ауыл шаруашылығы мамандары мен диқан-шаруалар ризашылығын білдіріп жатты.