test
01-07-2024
28.3 C
Шымкент

Мал көңі — тиімді тыңайтқыш

Сиырдың тезегі алма ағашының тез тамыр алуына пайдалы. Ал, бал арасы жеміс ағашының будандасуына зор көмек береді. Осы қарапайым қағиданы қолдану арқылы алма сапасын арттыруға болады. Бұл жобаны  ОҚО Кентау қаласының іргесіндегі Қарнақ аулының шаруалары қолға алып отыр. «Сұлтан» шаруа қожалығы 2014-ші жылдан бері интенсивті бау өсірумен айналысады. Қырдағы тәлім жер тамшылатып суару әдісі арқылы жайқалған бауға айналды. Қожалықта  былтыр ғана еккен көшет биыл жеміс берген. Алайда, алма стандартталмағандықтан, толағай табысқа кенелмедік, -дейді қожалық агрономы. Бірақ та алма дәмі Ресейде өткен дәм сапасы жобасында бірінші орынды иемденген. Енді жеміс көлемін біркелкі ету  үшін дәрі -дәрмектен бөлек, бауға көң себіліп, табиғи күшейткіштерді қолдануда. Жалпы көлемі 55 гектарды құрайтын қожалықта 6 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өзіміз кәдеге жарата бермейтін, ойға ала бермейтін нәрселер кейде осылай пайдаға асып жатады. Бұл ел арасындағы көпті көрген адамдардың мол тәжірибесінен алынып отырған жағдай болса керек.

КЕНЖЕХАН Дүйсенбі     

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР