18-09-2021
33.3 C
Шымкент

Тегін кәсіптен құр қалма!

Елбасының 2015 жылғы халыққа арнаған Жолдауында айтылғандай, бүгінде тегін кәсіп үйреніп, ісін ұқсататындарға мемлекет үлкен мүмкіндік беріп отыр. Мәселен, облысымыздағы жеңіл өнеркәсіп саласы бойынша жұмысшы кадрларын дайындайтын базалық колледжде 821 студент 3 кәсіптік мамандық бойынша білім алуда. Түлектері 100 пайыз жұмыспен қамтылады. Оған себеп, дуальді оқыту жүйесі жемісін беріп келеді. Айнаш Шайзадаева – кәсіби хореограф. Жасында қызығып, меңгерген мамандығын 3 баланың анасы болған шақта жылы жиыстырды. Кәсіп нәсіпсіз қалдырмайды деген. Ісмер келіншек қол қусырып, қарап жатпай, осы 5-ші колледжде 3 айлық курстан өтті. «Жаңа саланы мықты мамандардың арқасында оңай игердім, енді басқа құрбыларымды да осында шақырып жүрмін», — дейді. Жобаға ынта танытқандар тегін оқиды. Қосымша шәкіртақы алады. Жайлы жатақханасы тағы бар. Ең тиімді тұсы, оқуын аяқтаған соң жұмыс іздеп, әуре болмайды. Өйткені, кәсіптік білімге баулитын оқу орындары өнеркәсіп ошақтарымен ұдайы тығыз байланыста. Мәселен, 5-кәсіптік колледж бұл тұрғыда өңіріміздегі 20-дан астам кәсіпорынмен келісімшарт жасасқан. Жалпы, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша биылғы оқу жылында 9105 шәкірт кәсіптік білім алуда. Өңірде 43 мемлекеттік, 45 жекеменшік кәсіптік колледж бар. Бұл оқу ордалары аспаз, даяшы, қызметші, тігінші, құрылысшылардың тұтас буынын тәрбиелейді. Бұл мамандық иелері Отандық өнеркәсіп қарыштап дамыған тұста ең қажет кадрлар деуге толық негіз бар.

АЙЖАН Әшірхан      

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР