09-09-2021
21.3 C
Шымкент

Ауылдың әлеуеті жоғары

ОҚО Ордабасы ауданы Бадам ауылында аудан әкімінің кезекті көшпелі актив мәжілісі өтті. Күн тәртібіне сәйкес, бірінші болып ауыл округінің әкімі Махмут Қонысов сөз алып, атқарылған жұмыс барысын баяндады. Бадам ауыл округінің жалпы жер көлемі — 44779 га. тұрғындар саны — 15 740. Ауыл округі бойынша өндірістік кооперативтер — 5, ауыл шаруашылығымен айналысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер — 20, шаруа қожалықтар-81. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына» 2017 жылдың 9 айында 323 адам қатыстырылды. Бадам ауыл округі бойынша 18 жасқа дейінгі жәрдемақымен қамтамасыз етілетін отбасы – 408, 1 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. 129 отбасына «Өрлеу» жобасы бойынша ақшалай көмек көрсетілген. Ауыл округінің қылмыстық ахуалын жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы Ғани Есенгелдиев әңгімеледі. Жыл басынан тіркелген қылмыстар – 49, оның 34-і ашылған. 58 азаматқа әкімшілік құқық бұзу жөнінде хаттама толтырылып, 257 534 теңге айыппұл салынған. Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Фатима Тәшімова, аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Олжас Көпжасаров, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Мейрамбек Ақмұратов, аудандық тұрғын үй — коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қуаныш Ысқақов салалары бойынша талдау жасап, ауыл округіндегі кенжелеген тірліктерге тоқталды. «Ауылдың әлеуеті өте жоғары. Оның мүмкіндігін толық пайдаланып, сол арқылы әлеуметтік-экономикалық дамуына жағдай жасау — міне, сіздердің міндеттеріңіз осы. Жұмысты ұйымдастыра алмай, ұрпақ алдында ұятқа қалып жүрмеңіздер, — дей келе, ауыл округі әкіміне бірқатар тапсырмалар жүктеді»,-аудан әкімі Рашид Қайыпжанов.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР