04-09-2021
35.3 C
Шымкент

Туған жерге тағзым

ОҚО Кентау қаласына қарасты Хантағы ауыл клубында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» , «Рухани қазына» бағдарламалары аясында «Туған жерге тағзым» атты іс-шара ұйымдастырылды. Жиында  алғы сөз алған ауыл əкімі Расұл Самат Əбдімүтəліұлы мен Ш.Қалдаяқов атындағы мəдениет сарайының көркемдік жетекшісі Мыңбай Бақыт Өсербайұлы Елбасы мақаласын кеңінен түсіндіріп, оның маңыздылыңына кеңірек тоқталып, насихаттады.  бағдарламадан туындайтын міндеттердің өңірлерде қалай орындалуы қажеттігін айтып, Елбасы тапсырмаларының дер кезінде орындалуы маңызды екендігін айтты. Іс-шара барысында туған жердің тарихын кейінгі ұрпаққа жеткізу мақсатында ауыл тарихы мен қазақ салт-дəстүрлері жайлы сахналық көркем көрініс қойылды. Ауылда тұратын түрлі ұлт өкілдерінің татулығын, бірлігін көрсететін «Халық достығы» биі қойылды. Жергілікті халыққа рухани жаңғыру аясында кітап көрмесі ұсынылды. Іс-шара соңында Өнерпаздар өнерін ортаға салды. «Көк тудың желбірегені» əнін барлық ауыл өнерпаздары жəне көрермендер бірге шырқады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР