04-09-2021
21.3 C
Шымкент

Шаруа еңбегі бағаланды

Күз — береке мен ырыздыққа толы мезгіл. Бұл уақытта алажаздай еңбек еткен шаруаның бейнеті бағаланады. ОҚО Бәйдібек ауданының агросала жетекшілері мен дихандары да «Алтын күз» мерекесін тойлап, жыл қорытындысын жасады. Әуелеген ән мен күмбірлеген күй астында жәрмеңке ұйымдастырылды. Саңлақтар сайысқа түсіп, үздіктер марапатталды. Бүгінде  Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың  сындарлы саясатының арқасында еліміздегі аграрлық секторға ерекеше көңіл бөлініп, ауыл шаруашылығы саласында қарқынды жұмыстар атқарылуда. Бәйдібек ауданында да тұрғындарды қажетті азық – түлікпен  және ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етуде айтарлықтай көрсеткіштерге қол жеткізілген. Мұның бәрі  шаруалар мен диқандар еңбегі екені сөзсіз. Ауданның ауыл шаруашылық  саласының еңбеккерлері биыл да  ел Үкіметінен берілетін көмектерді тиімді пайдаланды. Соның арқасында  егілген егіннен, өсірілген малдан мол өнім алды. Сондай-ақ, аудан аумағында биыл егіс көлемі де артып, оларға қажет 30 техника алынған. Тамшылатып суғару тәсілдері де кеңінен ендіріліп, мемлекеттік «Құлан», «Алтын асық» бағдарламаларында өсу бар. Бұл күні  ауыл шаруашылық өнімдері арзан бағада сатылып, аудан тұрғындары да берекеге кенелді. Ал, мереке  соңында  қажырлы еңбектің үлгісін көрсетіп, үздік  нәтижеге  қол жеткізген   озаттар түрлі марапаттарға ие болды.

Мұхтар Атабек     

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР