03-09-2021
28.3 C
Шымкент

Қолайлы орта қалыптастыруда

Мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет барынша қолайлы орта қалыптастырып келеді. Барлық мемлекеттік мекемелердегі пандустар мен жол көрсету белгілері. Қала көшелеріндегі арнайы өткелдер мен зағиптарға арналған «сөйлейтін» бағдаршамдар… биліктің осы топқа бүйрегінің бұрғаны деп білуге болады. Облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханада жиналған қауым… өз тілектерін осылай жеткізді.  Біз өз мәселемізді өзіміз көтеруді үйрендік. Көкейдегі мәселені көгілдір экран арқылы жеткізуді қолға алдық.  «Отырар» телеарнасындағы  «Ерекше жандар» бағдарламасы арқылы көптеген көкейкесті мәселенің шешілуіне септігімізді  тигіздік,  – дейді бағдарлама жүргізушісі Мадина Ермаханова.  Бұл басқосуға келген әр аудандағы зағиптар қоғамының төрағалары мемлекетке алғыстарын білдірді. Алғашқы жылдары әлеуетті жақсартуға күш салған мемлекет бұл күнде әлеуметтің әлсіз тобына барлық жағдайды жасап отырғанын мақтанышпен жеткізді.

Сәбит Болатұлы – Сарыағаш аудандық Зағиптар қоғамының төрағасы: Мемлекет тарапынан қолдау болып жатыр. Қоғамның толыққанды мүшесі сезінуімізге толық жағдай қарастырылған.

Жиынға келгендер Елбасының «Мүгедектерді оңалту, оларға жағдай жасау» бағдарламасы аясында атқарылған шаруаларды баяндады. Зағиптардың арнайы оқулықтарын көбейтіп, мұқтаж жандардың біліктілігін арттыру мәселесі сөз болды. Алдағы уақытта мемлекеттің өркендеуіне үлес қосу керектігін жарыса жеткізді.

КЕНЖЕХАН Дүйсенбі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР